Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
