Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: Оқушы сөмкесін планшетке айналдырамыз

Министр: Оқушы сөмкесін планшетке айналдырамыз

Оқушылар ауыр рюкзактарын планшеттер ауыстырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Әріптесім Асхат Қанатұлы ұсынғандай, «Ауыр рюкзактар» мен мектептердегі цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері планшет қолдану арқылы кешенді шешімін табуы мүмкін. Планшеттер цифрлық оқулық ретінде немесе үйден онлайн білім алу құралы ретінде қолдануға оң әсерін тигізеді.  Көріп отырғандай, мұндай әдіс бірқатар дамыған елде, оның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркияның мектептерінде жақсы нәтижеге әкелді. Бұған қоса, оқушылар үшін шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік береді. Аталған елдерде осы шешім негізінде өңірлер арасындағы «Цифрлық» теңсіздікті төмендетуге, оқушылардың рюкзактарын жеңілдетуге мақсат қойылды, - деді Бағдат Мусин.
Сонымен қатар Мусиннің айтуынша, оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 2023 жылдың соңына дейін мектептерге арналған локалды және Wi-Fi желілердің стандартты талаптарын, жұмыс тәртібі мен топологияларын бекіту ұсынылады.
Сонымен бірге, министрлік мектептер үшін байланыс операторларының бірыңғай байланыс орталығын құруды қолға алатын болады. Ал әкімдіктер 2023 жылдың соңына дейін әр мектеп ішінден локалды желінің болуын қамтамасыз етуі қажет, - деді Цифрлық даму министрі. 
01 қараша 2022 ж. 379 0