Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қызылорда облысына іссапармен келді

Аталған жүйе пациенттің ауруының тарихын бірнеше дәрігердің бір жүйеден көруіне және уақытты барынша үнемдеуге көмек береді.
PACS жүйесі Қызылорда облысының 13 медициналық ұйымына енгізілген.
Министр сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, цифрландыру бағытында жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.
Бұдан кейін Цифрлық даму министрі Қызылорда қаласының халыққа қызмет көрсететін цифрлық кеңсенің жұмысымен танысты.
Аталған цифрлық кеңседе 2022 жылдың 6 айында азаматтарға 22 129 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин түстен кейін Қызылорда қаласындағы “Достық үйінде” өңір тұрғындарымен кездесіп олардың сұрақтарына жауап береді.

