Енді ХҚКО қызметкерін кеңсеге шақыртып қызмет алуға болады

"Халыққа жағымды басқа да жаңа ұсыныстарымызды енгізіп жатырмыз. Мысалы, дайын құжаттарды енді ХҚКО қызметкері жеткізеді. Банктердегі жеке менеджерлерге ұқсас ХҚКО-дан да жеке операторды офиске шақыртып, қызмет алуға болатын механизмді іске қосамыз", - деді Мусин үкімет отырысында. Ол 1414 call орталығы үлкен жүктеме кезінде халықтың наразылығын туғызғанын атап өтті.
Азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін ХҚКО-ның 2 мың операторы осы жұмысқа қосылған. Сондай-ақ, байланысты күту уақытын азайту үшін жасанды интеллектінің элементтері арқылы жиі кездесетін сұрақтарға жауап беру алгоритмі енгізіледі.