Дархан Қыдырәлі: «Масс-медиа туралы» заң қолға алынуда

БАҚ саласында қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқталған Министр ақпараттың қолжетімді болуы өте өзекті мәселе екенін атап өтті.
Сондай-ақ, масс-медиа туралы жаңа заңда журналист мәртебесін көтеру, басылымдарды құн салығынан босату секілді бірқатар артықшылықтар көзделгенін айтты.
Жаңа заңда ақпарат алу, онлайн-платформалар туралы да өзгерістер енгізіліп, заң жобасы алдағы Президент сайлауынан соң талқыға ұсынылмақ.