7 ауданда өткен жеке қабылдауда 800 тұрғынның талап-тілегі тыңдалды

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасына негізделген қабылдауда барлығы 80-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Облыс әкіміне 34 тұрғын келді. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар өз мәселесін жеткізді.
Құқық қорғау органдарының басшыларына 40 жуық азамат өз мәселесін жеткізіп, заң аясында тиісті түсіндірме алды.
Айта кетейік, 7 аудан бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 500-ден аса азаматтың өтінішін қараса, құқық қорғау органдарының басшылары 300-ге жуық тұрғынның талап-тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді.