AQYL BATTLE" ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Сайысқа Арал көпсалалы колледжі, Арал индустриальды-техникалық колледжінің студенттері және аудандық орталық кітапхана жастары қатысты.
Шара барысында сайысқа қатысушылар "Aqyl Battle", "Тұлға", "Мақал-мәтел", "Жорға" кезең бойынша бақ сынасты.
– Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты жастардың білім-біліктілік деңгейін көтеру, ой зеректігін дамыту болып табылады.Сайыста бақ сынаған жастар өз білімдерін толықтырып, шапшаңдыққа үйренді, – дейді ұйымдастырушы Ерқанат Мақышбаев.Сайысқа қатысқан студент Балауса Нұрланқызы мұндай шаралардың жастарға берері мол екендігін айтты.
– Бүгінгі сайыс маған қатты ұнады. Өзімнің білімімді толықтыра алдым деп ойлаймын. Бір жағынан ұмытып қалған білімімізді толықтырдық, - деді.
Мереке қарсаңында ұйымдастырған интеллектуальды сайыста қаладағы студент жастарға және белсенділік танытып жеңімпаз атанғандарға арнайы диплом табысталды.
"Толқын" ақпарат.