Енді елімізде кәсіпкерлер зейнетақы қорына 5%-дық жарна төлейді
Енді елімізде жұмыс берушілер өз есебінен қызметкерлерінің зейнетақы қорына оның айлық табысының 5% мөлшерінде жарна төлейді. Бұл міндетті зейнетақы жарнасы болады. Ал бұған дейін жұмыскерлер 10% жарнаны өз жалақысы есебінен аударып келген еді. Енді олардың зейнетақы жинақтарына айына түсетін жарна көлемі жұмыс беруші есебінен төленетін ақшамен қосқанда 15% болады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Өзгеріс Үкіметтің міндетті зейнетақы жарнасын есептеу және төлеу мерзімі қағидаларында бекітілді. Осы жарнаны төлеушілердің қатарына заңды тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар мен жұмыс беруші жеке кәсіпкерлер кіреді. Ал бұл өзгерістің бірыңғай жиынтық төлем жасайтын жеке тұлғаларға қатысы жоқ.
Сондай-ақ жұмыс беруші жұмысшының міндетті зейнетақы жарнасын жалақы төленгеннен кейін 25 күн ішінде зейнетақы қорына аударуға міндетті. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер қаулының әлі заңды күшіне енбегенін айтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарнасына қарсылықтарын білдірген еді. Ал экономистер мұны “экономикалық терроризм” деп бағалап, жаңашылдық кәсіпкерлікке тек кері әсерін тигізетінін мәлімдеді.