Нұрлыбек Нәлібаев бизнес-омбудсменмен кездесті

Басқосуда уәкіл Сыр еліндегі кәсіпкерлермен кездесу барысында қозғалған мәселелерді жеткізіп, бизнес иелерінің ортақ мәселелері бойынша пікір алмасты.
Аймақ басшысы өңірдегі шағын және орта бизнес саласын дамытуға мүдделі кәсіпкерлерді қорғау жұмыстары әрдайым назарда екенін тілге тиек етіп, өңірде проблемалық мәселелер туындамайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров кәсіпкерлерді жеке мәселелерімен қабылдап сауалдарына жауап берді және құқық қорғау орган басшыларымен кездесті.