
Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн. Бұл күні Сексеуіл кентінің тұрғындары да өз үлесін қосуда. №37 сайлау учаскесінің ең жас дауыс берушілерінің бірі — Өтеміс Бибінұр Бақтиярқызы. Бүгінде Қызылорда қаласындағы медициналық колледжде оқитын студент 19 жаста. Өз болашағы үшін, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.