
Еліміз үшін маңызды күнде барша қазақ халқы жұмыла атсалысуда. Ел болашағын ойлайтын аяулы аналарымыз да саяси науқаннан қалыс қалған емес. №37 сайлау учаскесінің дауыс берушілері арасындағы ең қарт көп балалы ана Бақтыбаева Бұлдырық. Бүгінде 81 жасқа келген аяулы әже 7 бала өсіріп, одан тараған 18 немересінің қызығының көріп отыр. Аяулы әжеміз отбасымен келіп өз таңдауын жасады.
"Толқын" ақпарат