Аралдағы миллионер мектеп мұғалімдері бас жүлде еншіледі

«Жас ұстаз -2022» облыстық командалық байқаудың мақсаты «Мұғалім мәртебесін» көтеру, жаңа білімдік трендтер мен технология дәуіріндегі тиімді әрі табысты жас мұғалім бейнесін анықтау және педагог кадрлардың құзыреттілік деңгейінің жаңаша моделін әзірлеуге бағытталған іс-шараларды насихаттауға негізделген.
Жас мамандардың тұлғалық дамуы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатындағы байқауда жастар жаңа қырынан танылды.
Байқау «Команда портреті» 2-3 минуттық командалық таныстырылым,«Бірге ойлаймыз! Талқылаймыз! Жоспарлаймыз!»
Тәжірибелік кезең- бірлескен жоспарлау кезеңі: берілген оқу бағдарламасының бөліміне сәйкес ҚМЖ құрастыру және «Заманауи мектеп сұранысы :"Біз нені өзгертер едік?» Мектеп тәжірибесіндегі жүйелер мен үдерістерді тиімді іске асыру бағытында ұсынылған жаңа идеялар мен лайфхактар. «Педагогикалық кейс» кезеңдерінен тұрды.
Осылайша тапқырлық пен шеберлік, ізденіс пен шығармашылық шеберліктерін танытқан аралдық "ЖасSTAR" командасын оқ бойы озық деп танылды.
Айта кету керек, бұл жеңіс команда құрамында болған МұқанТөлебаев,Нұрсулу Жақсылықова, Гүлзира Сырлыбаева, Ақжайнақ Әбілханова, Алтынбайбек Мұстафа сынды жас мамандардың еңбегімен келді.
"Толқын" ақпарат