Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық мемлекеттік қызметкерлер облыстық байқауда жүлдегер болды

Аралдық мемлекеттік қызметкерлер облыстық байқауда жүлдегер болды

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облыстық департаменті мен басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Жылдың үздік оқырманы» атты облыстық байқауы өткізілді.
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметкерлерді кітап оқуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға басқарма басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облыстық департаменті басшысы Ғ. Тұрсынбаев, "Қызмет", "мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы С.Тұрсынбаева, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы А.Айтбаева қазылық етті.
Байқауға қатысушылар поэзия жанры бойынша өзі таңдаған ақынның бір өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқыса, проза жанрында таңдаған шығармасы бойынша кітапқа талдау жасады.
Арал ауданы атынан қатысып , бақ сынаған, Арал аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Арал қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Рсалиева Мырзагүл Рсалықызы ІІІ дәрежелі дипломмен және Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Ақназарова Дидар Жайылханқызы арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
«Парасаттың ең биік ғимараты – кітапхана» деп сөз зергері Әбіш Кекілбаев айтпақшы, бүгінде кітап оқу, парасат биігіне көтерер шығармалармен танысу, руханият бұлағынан шөл қандыру өзекті мәселеге айналды. Әдебиет ауылына ат шалдырған кез келген адамның қоғамдағы орны салмақты, жолы сара болары дәлелденген дүние.Мелекеттік қызметте жұмыс жасай жүріп, рухани баю жолында түрлі әдебиеттерді оқып, жастарға үлгі болып жүрген сіздер- кітапхананың білімпаз, озық ойлы оқырманысыздар!
01 желтоқсан 2022 ж. 509 0