Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Парламенті Сенатының депутаты жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты жаңа қызметке тағайындалды

Депутат Нұртөре Жүсіп Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі кентінде дүниеге келген.

Еңбек қызметінің бірінші сатысын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті агроөнеркәсіп бөлімінің журналисі болып бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1990-1996 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі, Бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

1996-2002 жылдары – «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Астана Хабары» газеттерінің бас редакторы.

2008-2019 жылдары – «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы.

2019 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
08 желтоқсан 2022 ж. 458 0