Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ЕХӘҚМ басшысы өңір активімен, мүгедектігі бар адамдармен, ҮЕҰ өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді.
Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова баспасөз брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап беріп, бірқатар медициналық-әлеуметтік мекемелерге барады.
Жұмыс сапары барысында министр Қызылорда облысының тұрғындарына Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген новеллалар туралы айтып береді.