Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі желтоқсан оқиғасының қатысушыларын қабылдады

Аудан әкімі желтоқсан оқиғасының қатысушыларын қабылдады

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов аралдық желтоқсаншыларды қабылдады. Аудан әкімі тәуелсіз қазақ елінің бағындырған биік белестері мен қазақ жастарының толқуына қатысқан жандардың ерлігін бүгінгі мен кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтып өтті.

«Тәуелсіздік – бәрінен қымбат ең қастерлі ұғым, қоғамдағы басты құндылық! Себебі, егемен ел болмай жарқын өмір сүру, берекелі қоғам орнату мүмкін де емес. Сондықтан, елдің тыныштығы, халықтың ауызбіршілігі - біз үшін, біздің мемлекетіміз үшін бәрінен маңызды.

Желтоқсан көтерілісінде ұлт болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен батырларымыз бүгін міне, арамызда. Желтоқсаншыларға әрдайым құрмет көрсетілуі тиіс. Ерлігімен ел аузында қалған жандардың арасында аралдық жерлестеріміз де тәуелсіздік таңын бір табан жақындатуға өзіндік үлес қоса білді. Сіздердің келешек ел ертеңі – жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеуде қосар үлестеріңіз орасан зор деп санаймын», - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Аталған шара барысында жергілікті журналист, Ерғали Абдулла Желтоқсан оқиғасына қатысқан аралдық азаматтар туралы сөз қозғап, кешегі желтоқсаншылар ерлігі болашақ ұрпаққа аманат болып қалу керектігін жеткізді.

Кездесуде желтоқсаншылар қазақ жастарының өшпес ерлігін тілге тиек етіп, естеліктерімен бөлісті. Сол кезеңдегі жас өрендердің, бойжеткендердің аңыз болып қалған әрекеттері бүгінгі буынды Отансүйгіштікке тәрбиелейтіні анық екендігін айтты.

Шара барысында балғындар желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік туралы туындыларды оқып, термешілер жырдан шашу шаты.

Кездесу соңында аудан әкімі Серік Сағитжанұлы желтоқсан оқиғасының қатысушы 4 аралдыққа еліміздегі шипажайларға жолдама берді.
"Толқын" ақпарат
16 желтоқсан 2022 ж. 509 0