Елордада Astana Muz Fest 2022 қысқы фестивалі өтеді

Елордада 19-25 желтоқсан күндері Astana Muz Fest 2022 ауқымды қысқы фестивалі өтеді.
Фестивальдің ресми ашылуы 19 желтоқсан күні сағат 18:00-де EXPO көрме орталығының алаңында өтеді.
Іс-шарада еліміздің басты шыршасы жағылады, қазақстандық әртістер өнер көрсетіп, Аяз Ата мен Ақшақар кештің көркіне айналады. Елорда қонақтары мен тұрғындарына «Ғажайыптар түні» атты ертегі мұз шоуы ұсынылады.
Фото: baq.kz