Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады», делінген хабарламада.

Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.
19 желтоқсан 2022 ж. 516 0