Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет басшысы ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

Үкімет басшысы ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

2019 жылғы 11-12 шілдеде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына (Душанбе қаласына) және Қырғыз Республикасына (Бішкек қаласына) барады.  Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің және Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзоданың басшылығымен шағын және кеңейтілген құрамдардағы үкіметтік келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды.  Бішкекте Қазақстан-Қырғыз Үкіматаралық кеңесінің VIII  отырысы өтеді. Күн тәртібінде сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, мұнайгаз саласы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, су-энергетика саласы, кедендік және шекаралық өзара әрекеттестік салаларындағы ағымдағы және перспективалы ынтымақтастықтың 18 мәселесі қаралады.  Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.
11 шілде 2019 ж. 866 0