Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау. БАҚ үшін ақпараттық хабарлама

Сайлау. БАҚ үшін ақпараттық хабарлама

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісіне депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу кезеңіндегі қызмет туралы бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық хабарлама.
«Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 104 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалды.

Осыған байланысты, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2022 жылғы 5 қарашада енгізілген «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңындағы өзгерістерге БАҚ, интернет-ресурстар мен онлайн – платформа пайдаланушыларына келесіні хабарлайды:

Атап айтқанда, қолданыстағы заңдарға сәйкес:

1) Парламент Мәжілісінің депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады (Заңның 9-бабы);

2) БАҚ және онлайн-платформа пайдаланушылары әлеуметтік желілерде (онлайн-платформаларда) сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру тәртібі айқындалған.

Сайлауалды үгітті әлеуметтік желілерде (онлайн-платформаларда) жүзеге асыруға ниет білдірген онлайн-платформалар пайдаланушылары БАҚ-пен (телеарналар, радиоарналар, мерзімді баспасөз басылымдары, интернет-ресурстар) қатар, сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін 5 күн бұрын сайлау комиссияларына төлем мөлшері туралы мәліметтерді, орналастыру шарттарын (біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша – орталық сайлау комиссиясына, бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша – аумақтық сайлау комиссияларына) ұсынуы қажет.

БАҚ (телеарналар, радиоарналар, мерзімді баспасөз басылымдары, интернет-ресурстар) үгіт материалдарын өздерінің әлеуметтік желілердегі (онлайн-платформалардағы) ресми аккаунттарына орналастыруды жоспарлаған жағдайда, мұндай аккаунттардың атаулары да тиісті сайлау комиссияларына ұсынылуы тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт басталғанша бес күнге дейін эфир мен баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жарияламаса және оларды тиісті сайлау комиссияларына ұсынбаса, кандидаттардың үгіт материалдарын орналастырып тарата алмайды (осы норманы бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК, заңды тұлғаларға - 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).

Үгіт материалдарды олардың жеке парақшаларында орналастыру шарттары туралы мәліметтерді ОСК-ға және/немесе АСК-ге жариялаған және ұсынған БАҚ және онлайн-платформалар пайдаланушылары үгіт материалдарын тек шарттық негізде орналастырады.

Бұл ретте азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қаржыландыруды талап етпейтін сайлау алдындағы кедергісіз үгіт жүргізу құқығы сақталады.

Осыған байланысты, партиялық тізімдерді, кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні және оның алдындағы күні (2023 жылғы 18 ақпанның 18.00 сағатына дейін, сондай-ақ 2023 жылғы 18 және 19 наурызда) сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынатынын еске саламыз. Көрсетілген норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (ӘҚБтК-нің 102-бабы).

3.Телерадио хабарларын тарату субъектілерімен жаңалықтар мен талдамалық бағдарламаларда кез келген үгіт материалдарын таратуына тыйым салынғанын телерадио хабарларын тарату субъектілерінің назарын аударамыз. Осы тыйымды бұзғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара белгіленді (ӘҚБтК-нің 102-бабының 1-1 тармағы).

baq.kz
09 ақпан 2023 ж. 181 0