Қызылордада көктемгі егін жұмыстарына 4 мыңға жуық техника әзір

– Биыл егіс көлемін 7,0 мың гектарға, мал азықтық дақылдарды 2,3 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 222 гектарға ұлғайту көзделуде. Ал Сыр елінің ырысы саналанатын күрiштің көлемі 83,9 мың гектарды құрап отыр. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қосымша 3 мың гектар жер дайындалуда. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 1,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Алдағы егін науқанына қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары 100 пайызға толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 32,5 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Көктемгі егін егу жұмыстарына 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникалары дайын. Биыл да мол өнімді қамбаға құямыз деген үмітіміз мол, – деді басқарма басшысы Қайратбек Әубәкірұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі