Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне арнаған құттықтауы

Аудан әкімінің1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне арнаған құттықтауы

Баршаңызды татулық пен тұтастықтың мерекесі – 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыс арасындағы ынтымақ пен бірлікті, келісім мен достықты дәріптейтін ең салтанатты мереке. Ежелден «Бірлік түбі – береке» деген еліміз. Сондықтан, аталған мерекенің Тәуелсіздік тарихында да алар орны ерекше.
Бүгінгі таңда мемлекетіміздің бағы жанып, дәулеті тасып, экономикасы өркендеп жатса, бұл бәрінен бұрын халық арасындағы татулық пен ұлттар тұтастығының, қоғамдағы ынтымақ пен тыныштықтың арқасы. Осы құндылықтардыңарқасында Қазақстан іргелі әлеуметтік-экономикалық табыстар мен саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында атап өткендей, Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы тиіс.
Қазіргі күні бір шаңырақ астында жүздеген ұлттар мен ұлыстар бір тудың астында тату-тәтті өмір сүруде. Соның ішінде, біздің де ауданымызда орыс, корей, татар, өзбек, украин, башқұрт, молдаван, қырғыз, қарақалпақ сынды ұлттар бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай күн кешуде. Олар болашағын Тәуелсіз елімізбен байланыстырып, біртұтас Қазақстанның бір бөлшегіміз деп сезінеді.
Құрметті жерлестер!
Тәуелсіздік – егемен еліміздің ең басты байлығы. Ал сол Тәуелсіздікті ұстап тұру үшін ең алдымен татулық қажет. Айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, бақыт тілеймін. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі, келешегіміз кемел болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі
Серік СЕРМАҒАМБЕТОВ
01 мамыр 2023 ж. 474 0