Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша баспасөз хатшысы жариялады. 2023 жылғы 1 сәуірге облыстағы халық саны 836,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 392,7 мың адам (46,9%), ауылдықтар – 443,8 адам (53,1%). Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-наурызда 3792 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңінде 3660 адам). 2023 жылғы қаңтар-наурызда жаңадан туылған нәрестелер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 0,8% көбейіп, шетінегендер 38,9% кем тіркелді.Теріс көші-қон айырмасы қалыптасты және – -924 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-наурызда – -1069 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -2 (0), ішкі көші-қонда – -922 (-1069 адам).2022 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 117871 теңгені құрады және 2021 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда 20,9% өсті.
Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 19,1% өсімін ескере отырып, халықтың нақты ақшалай табыстары 1,5% жоғарлады.2023 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 17,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы сәуірдің соңына 22,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 6,6% болып қалыптасты. 2023 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерін қоспағанда) есептелген орташа атаулы жалақы 293498 теңгені құрады. Өсім 2022 жылғы I тоқсанға 18,6% құрады. Нақты жалақы индексі 2023 жылғы I тоқсанда 98,9% болып қалыптасты. Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 103,7% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 5%, азық-түлік емес тауарларына – 3,3%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 1,8% өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 9,7% төмендеді.Тіркелген заңды тұлғалардың саны 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 10878 бірлікті, оның ішінде 100 адамнан аз жұмыскерлері бар 10527 бірлікті құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 1,9% азайды. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 8938 бірлікті құрады, оның ішінде 8587 бірлікті шағын кәсіпорындары құрайды. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 8176 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7% азайды. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 127958,1 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 102,1% құрады (салыстырмалы бағада).2023 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 75799,8 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 103,1% құрады (салыстырмалы бағада).2023 жылғы қаңтар-наурызда алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда 22,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8%-ға аз, оның ішінде экспорт – 12,9 млн. АҚШ доллары (1%- ға көп), импорт – 9,2 млн. АҚШ доллары (13,9%-ға азайды).2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы өңірлік өнім 2339,3 млрд. теңгені құрады.
ЖӨӨ көлемінің нақты өзгеру индексі 2021 жылғы тиісті кезеңге 2,4% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі 38,6%, қызмет көрсету – 54,1% құрады. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 331475 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2022 жылғы деңгейден 1,3% кеміді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 3,3%, кемісе, өңдеу өнеркәсібінде 1,9%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 8,0% артты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 23 418,9 млн. теңгені құрап, 2022 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1,6% артық болды.2023 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 19459 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеніне қарағанда 44,0% артық. 2023 жылғы қаңтар-сәуірінде жүк айналымының көлемі 10848,6 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2022 жылдың қаңтар- сәуірімен салыстырғанда 3,2% көбейды. Жолаушылар айналымының көлемі 653 млн. жкм құрап 12,7% артты. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 99843 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-сәуірге 142,1% құрады.

«СБ» ақпарат

syrboyi.kz​​​
19 мамыр 2023 ж. 299 0