Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өрт кезінде көз жұмған орманшылардың отбасы-жақындарымен кездесті. Кездесу барысында ертең, 12 маусымда Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланатыны белгілі болды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
11 маусым 2023 ж. 277 0