28 желтоқсан – жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Президент 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook.com парақшасында жазды.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады», - делінген хабарламада.










