Аралдық кәсіпкер «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауында жеңімпаз атанды
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына 80 кәсіпкер қатысуға өтінім беріп, көрмеге 64 кәсіпкер қатысты.
Байқауға қатысқан түйе жүнінен төсек-жабдық дайындайтын жеке кәсіпкер Жұмашева Индираның «Ай-Аружан» тігін орталығы «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясының жеңімпазы атанды. Ендігі кезекте кәсіпкер Астана қаласында өтетін Республикалық көрмеге барып, өз тауарын ұсынатын болады.
Сондай-ақ, аталған көрмеде «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша ауданнан: Кушжанова Арсена – иіс сабын өндіріcі, Анапияева Гульнар – жүннен жасалатын бұйымдар, Мамытова Шәрбану - шұжық өнімдері, Кушжанова Жұлдыз – жартылай фабрикат өнімдері, Анар Жахан – қол өнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Кәсіпкерлерді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!


