Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Спорт күні

Бүгін – Спорт күні

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Қазақстанда Дене шынықтыру мамандарының кәсіби мерекесі – Спорт күні аталып өтеді. Биыл бұл дата 20 тамызға сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл салаға елімізде айрықша мән беріледі, спортшыларымыз түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиадаларға белсенді қатысады. Үкіметтің 2023 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.

2023 жылдың басынан ресми халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды. Соның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшылар 373 жүлдеге қол жеткізді, атап айтқанда, 121 – алтын, 111 – күміс және 141 – қола медаль.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен 118 медаль түсті. Оның ішінде 53 – алтын, 38 – күміс, 27 – қола медаль. Ал 95 жүлдені отандық параспортшылар жеңіп алды. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР құрамасының қоржыны 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықты.

20 тамыз 2023 ж. 182 0