Қызылордада мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 100 пайызды құрады

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асуда. Бағдарлама барысында облыста 21 заманауи мектеп бой көтермек. Он мектептің құрылысы биыл басталса, қалған 11 мектептің құрылысы келер жылы басталады. Аталмыш мектепте 12 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Апатты деп танылған 6 мектептің 4-і «Жайлы мектеп» жобасы арқылы іске асса, 1-і жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Білім ұясы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Келесі апатты мектеп Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры көмегімен шешімін тапты. Ауылдық елді мекендердегі балаларда назардан тыс қалған емес. Шалғайдағы елді мекендердің оқушыларына 1400 орындық 4 мектептің құрылысы салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беретін боламыз. Жалпы облыс бойынша 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 100 пайызды құраса, ал 2-6 жастағылар 89 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш облыста мемлекет пен жекешелік әріптестіктің ынтымақтастық аясы кеңейіп келе жатқанының айқын көрінісі, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі