Отқа оранған үйден 15 адамды құтқарған жігіт елді тәнті етті
 "Шығыс" әскери бөлімінің ефрейторы Қауандық Қанатов отқа оранған бес қабатты тұрғын үйден 15 адамды құтқарды деп жазады NUR.KZ.
"Шығыс" әскери бөлімінің ефрейторы Қауандық Қанатов отқа оранған бес қабатты тұрғын үйден 15 адамды құтқарды деп жазады NUR.KZ.Оқиға ақпанның жетісінен сегізіне қараған түні болған.
Семей қаласының Селевин 15 мекенжайында бес қабатты жатақхана өртенді. Сол жатақхананың тұрғыны, 35411 әскери бөлімінің ефрейторы Қуандық Қанатов адамдарды қауіпсіз жерге шығаруда үлкен ерлік көрсеткен. Қызыл жалынның ортасына қаймықпай кірген батыл жігіт жатақхананың он бес шақты тұрғынын сыртқа шығарып үлгерген.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 79 адамды эвакуациялап, ғимараттағы отты сөндіруге кіріскен. Тағы 162 тұрғын далаға өз бетімен шыққан.






 
		 
		



