2024 жылғы діни мерекелер күнтізбесі бекітілді. Ораза қашан басталады?

Бекітілген кестеге сай, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге дәл келіп тұр.
Мұсылман қауым үшін қадірлі оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.
Ал, үш күн тойланатын Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келіп тұр.
Мүбарак Мәуліт айы қыркүйекте басталмақ.
Ескеретін жайт: Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды