Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар құзырлы органдарда кадрлық тағайындау жасады, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков Ішкі істер министрінің орынбасары болды.
Ал Әнуар Жоламанұлы Сабыров Аппарат басшысы лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
Фото: egemen.kz