Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «7-20-25» бойынша «Нұрлы жерден» үйді қалай алуға болады?

«7-20-25» бойынша «Нұрлы жерден» үйді қалай алуға болады?

Астана, BAQ.KZ. Егер нарықтан үй алғанда «7-20-25» қатысушылары пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алған кезде пәтерлер туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы.

Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлініп келген еді. Енді, тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Соңғы 5 жылда азаматтың басында үйдің болмауы және жинақталған депозит сынды ешқандай талаптар жоқ. Қағидаларға сәйкес әкімдіктер пәтерлер туралы хабарландыруды тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайтын болады.
2019 жылғы кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспары (ҚР ИИДМ деректері бойынша)
Өңірлердің атауы
Пәтерлердің саны
ҚР бойынша барлығы
11 797
Ақмола облысы
240
Ақтөбе облысы
778
Алматы облысы
458
Атырау облысы
1 136
ШҚО
607
Жамбыл облысы
800
БҚО
1 108
Қарағанды облысы
576
Қостанай облысы
1 604
Қызылорда облысы
600
Маңғыстау облысы
103
Павлодар облысы
504
СҚО
78
Түркістан облысы
858
Шымкент қ.
904
Алматы қ.
540
Астана қ.
903
 
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің жалпы аумағы 80 шаршы метрден аспауға тиіс. Осыған байланысты, көбінесе 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады.
Әкімдіктер арқылы қолжетімді пәтерді «7-20-25» арқылы сатып алар жағдайындағы ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі мынадай:
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы пәтерлер
Ай сайынғы төлем, теңгемен
(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)
1-бөлмелі (37 ш.м жоғары)
37 317
2- бөлмелі (50 ш.м жоғары)
50 888
3- бөлмелі (65 ш.м жоғары)
66 154
Басқа өңірлердегі пәтер
Ай сайынғы төлем, теңгемен
(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)
1- бөлмелі (37 ш.м жоғары)
29 400
2- бөлмелі (50 ш.м жоғары)
39 579
3- бөлмелі (65 ш.м жоғары)
51 453
 ​baq.kz
25 ақпан 2019 ж. 1 263 0