Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан заңнамасында «жағызілікті ана» ұғымы неге жоқ – вице-премьер жауап берді

Қазақстан заңнамасында «жағызілікті ана» ұғымы неге жоқ – вице-премьер жауап берді

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында Қазақстан заңнамасында «жағызілікті ана» ұғымы неге жоқ екенін түсіндірді.

«Қазақстан заңнамасында «жалғызілікті ана» деген ұғымға анықтама жоқ. Өйткені егер ананың баласы болса, бұл отбасы болып есептеледі. Отбасы болып есептелгендіктен тиісті әлеуметтік қолдау алады. Ал «толымсыз отбасы» ұғымы тұрғын үй қатынастары туралы заңда ғана қолданылады. Яғни, асыраушысынан айырылған тұлғалар осы санатқа жатады. Олар асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы алады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік көмекті санат-санатқа бөліп қарамай, кім шынайы мұқтаж екенін мән беретін кез жеткенін айтты.

«Бүгін Президент не айтқанына назар аударған шығарсыздар. Бізге әлеуметтік қолдауды шын мұқтаждарға көрсету керек. Ол отбасы бола ма, жалғызілікті адам бола ма, асыраушысынан айырылған отбасы ма... Біз ол адам қаншалықты көмекке шын мұқтаж. Соған назар аударайық», - деді Тамара Дүйсенова.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 

07 ақпан 2024 ж. 272 0