Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда кәсіпкер көпбалалы жанұяға пәтер сыйлады

Оралда кәсіпкер көпбалалы жанұяға пәтер сыйлады

Оралда кәсіпкер көпбалалы жанұяға пәтер сыйлады. Жаңа тұрғын үйдің кілтін отбасыға құрылыс компаниялары бірінің басшысы табыстаған. Қайырымдылық науқаны "Мейірімді көктем" айлығы аясында ұйымдастырылыпты деп хабарлайды NUR.KZ.
43 жастағы Манар Бүркітова күйеуімен бірге жеті бала тәрбиелеп отыр. Олардың үлкен қызы 16- да, ал кіші ұлы 3,5 жаста. Бұл қуанышты күні жанұяның отағасы жұмыста болған екен.
Көпбалалы ананың айтуынша, олар Оралға Теректі ауданынан келген. Қалада жалдамалы пәтерде өмір сүріп келген.
"Мен Батыр анамын, "Алтын алқамен" марапатталғанмын. Біз бір пәтерден екінші пәтерге өте көп көшетінбіз. Үй иелеріне балалардың көп болғаны ұнамайтын. Бірақ, қазір бәрі аяқталды. Біз бұл сыйлыққа қатты ризамыз", - дейді Манар Бүркітова.Көпбалалы отбасы үй кезегінде 4894- орында тұр. Ал құрылыс компаниясының сыйлығы дәл қажетті уақытында табысталып отыр. 90 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі пәтерде үлкендер де, балалар да еш қысылмасы анық.
"Біз жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін ұсынамыз. Бұл жанұяда тек бақыт пен береке болғанын қалаймыз. Енді пәтерде тек жиһаздарды орналастырып, перделерді ілу қажет. Сіздерге ыңғайлы болады деп ойлаймын", - дейді "Қаз-Хол" ЖШС құрылтайшысы Тимур Әмин.Айта кетейік, он қабаттық үй апаттық үйдің орнына салынған. Ал осы орындағы ескі екі қабаттық үйде тұрған сегіз жанұя да жаңа пәтерге ие болды.
kaz.nur.kz
26 ақпан 2019 ж. 1 113 0