Бір отбасыға көмектескісі келген кәсіпкер пәтерді кімге сыйламақ?

“Қазір Астана қаласы бойынша 80-90 жазбаша өтініш келді. Бұл өтініштерді біздің филиалдарымызда қалдырған. Әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы түскен өтініштердің саны екі мыңнан асады”, – деді “Кэш-Ломбард” филиалының директоры Жансейіт Амангелдиев Sputnik Қазақстанға.
Пәтер сыйлайтын жанұяны таңдағанда көпбалалы, асыраушысыз қалған отбасыларға, Астанада тұратын, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, жәрдемақымен ғана күнелтетін азаматтарға басымдық беріледі. Кілтті жақын арада табыстау жоспарланып отыр. Компания қаражат жинап жатқан жоқ, бірақ көпбалалы отбасылар тізімін көмектескісі келетін бизнесмендерге бере аламыз деп атап өтті.
Жансейіт Амангелдиевтің айтуынша, компанияға басқа кәсіпкерлер әзірге хабарласпаған.