Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астаналық кәсіпкер контейнерде тұрып жатқан көпбалалы отбасыға үй алып бермек

Астаналық кәсіпкер контейнерде тұрып жатқан көпбалалы отбасыға үй алып бермек

Астаналық кәсіпкер қақаған аязда контейнерде тұрып жатқан көпбалалы отбасыға үй алып бермек.

Бұл туралы «Кокшетау Азия» басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Сегіз адамнан тұратын отбасы Астанаға Түркістан облысынан көшіп келген. Алайда үй сатып алуға немесе жалдауға ақшасы жетпегендіктен, Қоянды аулындағы контейнерде тұруға мәжбүр болыпты.
Отағасы 60 мың теңге жалақысына қарамастан отбасын асырауға тырысып отыр. Сонымен қатар отбасы 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне берілетін жәрдемақыға күн көруде.
Қиын жағдайда өмір сүріп отырған бұл отбасы туралы мәлімет «Шапағат» көмек қоры арқылы белгілі болды.
Олардың жағдайына бей-жай қарай алмаған көптеген жан көмек қолын созуға ниетті. Осылайша, олар азық-түлік апарып, жарты миллион теңгеден аса ақша жинап берген.
3 және 5-сыныптарда оқитын қыздардың мектепбінің басшылығы олардың мектепке жету қауіпсіздігі мәселесін қолға алуға дайын екенін айтты. Қыздар мектепке жету үшін 8 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді екен.
Ал кәсіпкерлердің бірі отбасыға үй алып бермек. Ол көпбалалы отбасыдан қажетті құжаттарды жинастыра беруін сұраған.
Басылымда аталғандай, отбасы тіркеуде тұрмағандықтан, әлеуметтік көмек алмайды екен.
kznews.kz
18 ақпан 2019 ж. 972 0