Ауылдарға үкіметтің назары түседі

Назарбаев Атамекен мен әкімдіктерге осы мәселені назарда ұстап, шағын және орта кәсіпті дамытуды тапсырды.
"Ауыл дамуына мән беріп, ауылдағыларға жұмыс берсең, істейді".
"Үй салып, инфраструктураны дамытсақ, бізге ауылдан халық тартыла бастайды. Үлгі бола алатын ауылдар бар, осы орайда үкіметке "Ауыл -ел бесігі" бағдарламасын құруды тапсырамын. ол үшін 90 млрд теңге бөлініп, 2019-2020 жылдары игерілуі керек".
Назарбаев Кеден қызметінде шикіліктердің көп екенін айтып отыр. Сонымен қатар, қаржы министрлігі де мемлекеттік сатып алуларды сылтау етіп, мұрттарын майлап отырғанын айтты. Сондықтан, осы салаларда тексеру жүргізіп, салық әкімшілігін дұрыстап, ақша үнемдеу керек екенін міндеттеді".