Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бар қиындық бірлікпен еңсеріледі

Бар қиындық бірлікпен еңсеріледі

Бүгін мемлекет басшысы Қ.Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасап, "Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында" деді.Расында апат тек осы аймақтар халқының ғана емес, барша қазақтың басындағы қиындық. Көнеден-ақ "от пен судан қашсаң да құтылмайсың" деген қазақтың тілсіз жауға осы екі апатты жатқызғанынан белгілі. Табиғаттың тосын мінезі мен мол көлемдегі жауын-шашынның түсуі бүгінде дәл халықты дәл бүгінгідей жағдайға әкеп соқтырып отыр.Алайда тәуелсіздік алғалы бері де, одан бұрын да талай қиындықты еңсерген еліміз қазіргі таңдағыдай көмек бөлініп тұрған сәтте бұл қиындықтан да өтетіні белгілі.
Бастысы сабырлық пен бірлік. Себебі ел Президенті өз сөзінде атап өткендей жалған ақпараттың жетегінде кетсек ел ішіндегі тыныштыққа да қауіп төнуі мүмкін. Ал бірліксіз баянды тірлікке қол жеткізу мүмкін емес.
Аманжол ЖОЛМАҒАМБЕТОВ,
Ардагер ұстаз,
аудандық көше комитеті төрағаларының төрағасы
06 сәуір 2024 ж. 281 0