Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтынбек Қоразбаев атышулы "Кел, келінім" бағдарламасын жақтап шықты

Алтынбек Қоразбаев атышулы "Кел, келінім" бағдарламасын жақтап шықты

Қазақстандық танымал композитор әрі әнші Алтынбек Қоразбаев өзіне "Кел, келінім" бағдарламасының ұнайтынын ашып айтты деп жазады "Жұлдыздар отбасы".

Атышулы бағдарламаға шақырту алған өнер иесі арнайы қонақ болып барған.Мені осындай бағдарламаларға жиі шақырады. Өзім де ақкөңілмін. "Жоқ" деп айта алмаймын. Шақырған соң барамын. Ал "Кел,келінім" қазақтың нағыз менталитетін көрсететін бағдарлама. Маған ұнайды", - деп жауап берген композитор журналистің сауалына.Естеріңізге сала кетейік, "Кел, келінім" бағдарламасының эфирінде көрсетілетін іс-әрекеттер жұрттың талқысына жиі түседі.
Осыған дейін ток-шоудың екі қатысушысы эфирде шаш жұлысып, төбелескен болатын.
Сондай-ақ, өзге бір ару тікелей эфирде жігіттің арқасына массаж жасап, жұрттың сынына ілікті.
Ал осыдан біраз уақыт бұрын жартылай жалаңаш күйде эфирде сәлем салған арудың ісі де елдің назарынан тыс қалмады.
kaz.nur.kz
01 наурыз 2019 ж. 1 903 0