Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қалаулымнан" өмірлік жарын тапқан Елшін Жанерке ұзатылды (видео)

"Қалаулымнан" өмірлік жарын тапқан Елшін Жанерке ұзатылды (видео)

Күні кеше атышулы жоба қатысушысы Жанерке Елшіннің ұзату тойы болып өтті. "Қалаулымның" арқасында өмірлік жарын кезіктірген ару енді келін атағына ие болды деп жазады NUR.KZ.
Аталмыш бағдарлама аясында табысқан Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбек санаулы күндерден соң заңды түрде ерлі-зайыптылар болмақ. Күні кеше "қалаулымдық" бойжеткен ұзатылып, білдей бір жанұяға келін болып түсті.
Күні кеше интернет желісін атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қатысушылары жаулап алды. Бірі Мәди Рахымбайдың үйлену тойында болса, кейбірі Жанерке Елшіннің ұзату тойынан видео мен сурет жүктеген.
Айта кетейік, бастапқыда бағдарлама аясында Мәди мен Жанерке жұп болған. Алайда уақыт өте олар араларындағы қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдады. Нәтижесінде Жанерке өмірлік серігін Еркебұланды кезіктірді.
Ал Мәди Рахымбай болса жарын жобадан тыс тапқан.
nur.kz
09 тамыз 2018 ж. 3 819 0