Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аша Матай: «Қалаулым» жабылмайды

Аша Матай: «Қалаулым» жабылмайды

Осыдан екі күн бұрын «Қалаулым» бағдарламасының жабылатынын естіген қоғам жанашырларының төбесі көкке екі елі жетпеді. Белсенділер «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің жиынында ұсынылған құжатты көрсетіп, халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған құжатта «Қалаулым» шетелдің ескірген бағдарламасының көшірмесі екені баяндалған. Сондай-ақ ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін «Қалаулым» бағдарламасының ары қарай жұмыс жасауына шектеу қойылатыны, 2018 жылдың 25 сәуірде жұмысын тоқтатаныныхабарланды. Алайда бағдарлама жүргізушісі Аша Матай бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Кешегі күні тікелей эфир барысында ол: “Бұл бағдарлама халық үшін, көрермен үшін жасалады. “Қалаулымды” көретін көрермен барда “Қалаулым” жалғаса бермек”, – деді.
02 наурыз 2018 ж. 2 706 0