Енесін үйден қуып, күйеуін сабаған бетпақ келін Желіні шулатты

Видеоға: "Келін жаксы болса үйіңе көп кісі келеді. Келін жаман болса Келген кісі кеткісі келеді. Ас құй десең төккісі келеді,
"Төкпей құй" десең сөккісі келеді...." деген жазба қалдырылған.
Оқиға өзбек ағайындардың отбасында орын алған секілді. Себебі бала көтеріп тұрған келіншек айналасындағыларға өзбек тілінде ұрсады. Дегенмен, арасында орыс тіліндегі сөздер де кездеседі, бірақ тек жағымсыз былапыт сөздер.
Өкінішке орай, оқиғаның қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен Желіде кеңінен таралып жатқан видео көпшіліктің ашу-ызасын келтіріп, тәрбиесіз ұрпақ өсіп келе жатқанына налытты.