Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенаттағы бос орынға Қызылордадан кім баратыны белгілі болды

Сенаттағы бос орынға Қызылордадан кім баратыны белгілі болды

Бүгін Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сенат депутатын таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізілді.

Парламент Сенаты депутатының мандатына 3 кандидат үміткер. Олар: Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов, Абайбек Жүнісов. Қызылорда облысы бойынша таңдаушылар тізіміне енген 152 мәслихат депутатының 147-сі қатысып, өз таңдауын жасады.

Үміткерлердің ішінде қатысушылардан Наурызбай Байқадамов 116 дауыс жинап, басымдыққа ие болды.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды 
25 сәуір 2024 ж. 220 0