Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі 1-мамыр Қазақстан халқы Бірлігі күнімен құттықтады

Аудан әкімі 1-мамыр Қазақстан халқы Бірлігі күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Бұл – тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мереке. Достық пен өзара түсіністік халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл – берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі екендігінің нақты көрсеткіші.
«Ырыс алды – ынтымақ». Қазіргі таңда ауданымызда түрлі этнос өкілдері жергілікті тұрғындармен бірге тату да берекелі ғұмыр кешуде. Тағдырдың жазуымен өңірімізде тоғысқан ұлттар тұтаса келе бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Қазір еліміздің он аймағы су тасқынынан зардап шегуде. Қалыптасқан күрделі жағдайға орай аралдықтар да елдің бірлігі жолында ортақ мүддеге ұйыса білді. Табиғи апат салдарынан қиын жағдайда қалған ағайынға жанашырлық танытып, қол ұшын созған барлық азаматтарға ризашылығымды білдіремін.
Қадірлі ағайын!
Ынтымағы жарасқан тату елде береке болады. Біз алдағы іргелі мақсаттарға мызғымас бірліктің арқасында ғана қол жеткіземіз.
Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
01 мамыр 2024 ж. 205 0