Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына өздерінің алаңдатқан талап-тілектерін қозғап, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша жүгінді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшысына тапсырмалар жүктеді.
Мұнымен қоса, өзге де келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
07 маусым 2024 ж. 291 0