Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әбдікеров Еркебұлан Өмірсерікұлы, аудандық адвокат Ізмаханов Руслан Жұмажанұлы аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға жазылған аудан тұрғындары тұрақты жұмыс және медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек, алимент өндіру, зейнетақы, несие, құжаттарын заңдастыруға қатысты мәселелер көтерілді.
Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, заң аясында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

#AMANAT
12 маусым 2024 ж. 185 0