Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жасыл Қызылорда» жұмысқа кірісті

«Жасыл Қызылорда» жұмысқа кірісті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сыр бо­йында тазалық шараларымен қатар, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына да айрықша назар аударылды. Акция бас­тал­ға­лы бері өңір климатына төзімді қарағаш, терек, Сыр талының мыңдаған көшеті отырғызылды.

Жалпы, жазы аптап өңірдегі жасыл желек қатары кейінгі жыл­дары сиреп қалғаны рас. Әр көктемде ауыл мен қала көше­лер­іне егілген көшеттің көбі су тапшылығынан қурап қалатыны да белгілі. Күн жылына егілген көшеттің көп ұзамай қаудыраған қурайға айналып шыға келуіне салғырттықтың да тигізер кесірі аз болмайтын. Жер­гілікті әкімдік «енді ондай олқы­лықты болдырмаймыз» деп отыр.

Былтыр жыл соңында қалада құрылған «Жасыл Қызылорда» КММ биылдан бастап каналдар мен арық жүйелерін тазалап, ұңғыма мен насостар арқылы талдарға су жеткізді. Аллеялар мен орталық көшелердегі гүл­зар­ларды, көгалды күтіп ұс­тап, қураған ағаштарды кесу, бап­тау осы мекеме міндетіне кіріп отыр.

Мекеме жұмысшылары Жібек жолы, Сарқырама ка­нал­да­рын толық тазалап, Қызыл­жар­ма, Табиғат каналдары мен қалаішілік арық жүйе­ле­рі жағ­дайын бекітілген кестеге сәйкес күн­де­лікті бақылайды.

«Бұрын аяқсуды бір мекеме жеткізсе, талдарға күтімді басқа компания жасайтын. Енді су алғаннан бас­тап парктер мен аллеядағы алаңдар мен тал-дарақ­қа күтім жасау бізге жүк­те­ліп отыр. Күзде арық біт­кен­ді қураған шөп пен жапырақ толтыратыны да көз үй­рен­ген көрініс еді. Бұл көк­тем­де аяқсудың керекті кезде жетуіне әжептәуір кедергі келтіретін. Олардың таза­лы­ғы­мен енді біздің мекеме айналысады», дейді «Жасыл Қызылорда» КММ дирек­то­рының орынбасары Болат Бейсенбаев.

Осы күні «Жасыл Қызыл­ор­да» жаңа техникалар алу­ды бас­тады. Мекеме жұмыс­шы­лары қаладағы көшет егілген аумақ­тар­ды, парк­тер мен аллеяларды күнделікті ба­қы­лап отыр.

Қызылорда

Ақпарат көзі: egemen.kz
12 маусым 2024 ж. 203 0