Көркейту-көгалдандыру апталығы басталды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан көлемінде ағаш көшеттері мен гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар атсалысты.
Арал қаласының әкімі Б. Ұзақов:
– ”Биылғы маусымда Арал қаласында 3000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Өтке аптадан бастап жұмыстар басталып кетті. Жергілікті жерге төзімді көшеттер таңдап алынды. Аяқ су мәселесі қиындық тудырмас үшін тамшылатып суару әдісін қолданып жатырмыз. Бұдан бөлек орталық көшелерге, демалыс орындарына, саябақтарға гүлдер отырғызылуда. Бүгінгі акцияда қаламызға 70 түп ағаш, 100 түп гүл көшеттері отырғызылды.”– деді.
Атап өтейік, бүгіннен бастап «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Тазылық және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі