СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, туған елді түлетуді мақсат еткен шара барысында сенбілікке қатысушылармен бірге саябақ ішінде тал-терек отырғызып, аталмыш шараның мән-маңыздылығына тоқталды. Кенттің қақ ортасынан орын алған саябақтың аумағын көркейту-көгалдандыру жұмыстарын үнемі басты назарда ұстап, егіліп жатқан көшеттердің бой алып кетуіне ерекше күтім жасау қажеттігін тілге тиек еткен аудан басшысы бұл шаруаға жаппай атсалысуға шақырды. Сонымен қатар кент әкімі Сәкен Төрешовке алдағы уақытта саябақтағы жасыл желектерді баптауда тамшылатып суару әдісін қолдануды тапсырды. Сондай ақ саябақты қолға алу бағытында осы кезге дейін жасалған жобаны жүзеге асыру бағытында мемлекеттік «Ауылым-ел бесігі» бағдарламасына ұсыну жөнінде тапсырма берді.
Тал егу шарасына кенттегі ардагерлер мен жастар белсене қатысты. Айта кету керек, талған саябаққа осы кезге дейін 380 түп ағаш көшеттері егілген.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі