АРАЛДЫҚТАР АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жаппай ағаш отырғызу акциясына аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов және «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т. Қанатов бастаған әкімдік, филиал қызметкерлері және белсенді жастар қатысты.
Аудан бойынша 1000-ға жуық адам үлес қосып, олардың көмегімен 1460 түп ағаш көшеттері отырғызылды.